ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕР БАЗАСЫ

Көптеген адамдар деректерді және бекітілген емдеу алгоритмдерін табу үшін ресми  дереккөздерге сілтеме жасайды және сенеді. Бұл мақалада балаларға арналған вакцинация туралы ақпаратты іздеу кезінде сілтеме жасауға болатын ресми деректер көздері көрсетіледі.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық тенденциялары мен вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурулардың тіркелген жағдайларының жалпы санын қамтитын порталы, мұнда деректер жыл сайын ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің иммундау бойынша бірлескен есеп беру нысаны (JRF) арқылы жаңартылады. Бұл портал әлемде және елдер бойынша аурушаңдық пен вакцинациямен қамтуды талдауға мүмкіндік береді.Бұл деректер жыл сайын шілде айының ортасында беріледі және кейіннен ел бойынша деректер алынған сайын жаңартылады.

https://immunizationdata.who.int/

 

 ҚАЗАҚСТАНДА ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСМИ БҰЙРЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.    Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және топтарын бекіту туралы

2.    Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3.    Халыққа профилактикалық егулер жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

4.    Жіті респираторлық вирустық инфекциялар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

5.    Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайларын тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы

6.    Жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

7.    Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

8.    Иммунобиологиялық дәрілік препараттарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

9.    Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайларын тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы

10.  Туберкулездің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

ВАКЦИНАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР:

1.         БЦЖ вакцинасының ерте жастағы балалардағы туберкулезден (өкпе және өкпеден тыс) даму мен өлім-жітімге тиімділігін зерттеуге бағытталған зерттеу

 https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/35961354/

2.         Вакцинаны енгізу мен балалардағы аутизмнің немесе аутизм спектрінің бұзылуының (ASD) кейінгі дамуы арасындағы байланысты бағалайтын жағдайды бақылау және когорттық зерттеулердің Мета-талдауы

https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/24814559/   

3.         Қызылша, қызамық, паротит (MMR)штамдары бар үш валентті вакцинаны қолданумен байланысты тиімділікті, қауіпсіздікті және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жанама әсерлерді талдауға бағытталған 138 зерттеуге шолу

https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/32309885/  

4.         Балаларды вакцинациялау мен аллергияның дамуы арасындағы байланыс туралы жүйелі шолу және мета талдау

https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/33569761/  

5.         Көкжөтелге қарсы вакцинацияның оңтайлы стратегиясын бағалау үшін рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерге (RCT) және нақты деректерге жүйелі шолу және мета-талдау

https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/34224687/

Соңғы жаңалықтар

lll

АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫ ЖӘНЕ ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫ

Адам папиллома вирусынан (АПВ) туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) әлемдегі...

Толығырақ
lll

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАНЫҢ КЕҢ ТАРАЛУЫ

2023 жылдың соңында Қазақстанда қызылшаның соңғы 30 жылдағы ең ауқымдыкаеті...

Толығырақ
info